Сауд Арабиясы саяхатшылар үшін шекарасын ашты

Сауд Арабиясының билігі 1 тамыздан бастап коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсынан өткендерге шекара ашты, – деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.. Бұл туралы корольдіктің туризм министрлігі Twitter-де жазды. Вакцина салдырған туристерге міндетті карантиннен өтудің қажеті жоқ екені атап өтілді. Ведомство вакциналау тек елде мақұлданған препараттармен ғана ескерілетінін, ал Сауд Арабиясына келгенге дейін 72 сағат бұрын туристер коронавирус инфекциясына ПТР-тестілеуден өтуі керек екенін нақтылады.