Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы аргентиналық футболшы Лионель Мессиге келісімшарт ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Marca басылымына сілтеме жасап. Бүгінде Мессидің заңгерлері париждік клубтың ресми ұсынысын сараптап жатыр. Екі тарап та келісімшарт жасасуға қарсы емес. Месси Парижге дүйсенбі не сейсенбіде ұшып баруы мүмкін.