Вакцинаны екі қайтара салу керек. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді. Оның айтуынша, ревакциналауды 9 айдан кейін жасау қажет. Қазір әлемнің біраз елінде мұндай тәжірибе қолданылып жатыр екен. Соған қарағанда, екпенің күші 9 айға жететін көрінеді. Біздің елде екпені алғаш болып дәрігерлер қабылдады. Олар биыл ақпан айында салғызған. Енді жыл соңына қарай қазан-қараша айларында тағы да егілуі мүмкін, – деді министр.