Мектеп директоры 5 жылға тағайындалады. Бұл туралы Білім және ғылыми министрі жариялады. Енді бұл мәселемен аудандық ведомстволар емес, облыстық білім беру басқармалары айналысады. Мектеп директорына қойылатын талаптарға тоқталсақ, үміткердің мұғалім ретіндегі еңбек өтілі кем дегенде 5 жыл, меңгеруші ретіндегі жұмыс тәжірибесі болуға тиіс. Оған қоса, кәсіби біліктігін жоғарылату курсынан өтіп, менеджмент саласын меңгергенін дәлелдейтін сертификат ұсынуы қажет. Жаңа ережеге сәйкес, директордың міндетін атқарушы бұл лауазымда үш айдан артық қызмет ете алмайды. Сондай-ақ директордың міндетін уақытша атқаруға тек бір рет мүмкіндік беріледі. Осы аралықта байқау өткізіліп, жаңа директор тағайындалуға тиіс.