Әкімдіктен керексіз жиһаз сияқты лақтырып жіберді

Әкімдіктен керексіз жиһаз сияқты лақтырып жіберді. Бұл журналист Ақбөпе Тәңірбергеннің сөзі. Ол оқиғаның мән-жайын айтып берді. Әкімдіктегілермен алдын ала сұхбатқа келіскен журналист бағдарламаны түсіру үшін арнайы Алматыға іссапармен ұшып келген. Алатау облысының әкіміне барар алдында Медеу және Наурызбай ауданы әкімдігінде болған. Журналист Президенттің жастар кадрлық резервінің мүшесі, жас әкім ашық және оңай жауап береді деп үміттенгенін айтты. Түсірілім тобы күндіз Алатау ауданы әкімдігіне келіп, әкімнен сұхбат алуды сұраған. Әкім көмекшілері сұхбат беру уақытын сағат 17.30-да деп келіскен. Тілші белгіленген уақытта әкімдікке келгенде шенеуніктер оған тұрғындарды қабылдау бөліміне баруға кеңес берген, ал күзетшіге бұқаралық ақпарат құралын кіргізбеуді тапсырған. Бір сағат күткен журналист ешқандай жауап ала алмағандықтан әкімдікке өзі кіруге тырысқан. Бірақ мұндай жағдай болады деп күтпедім,- дейді журналист. Ол күзетшіге қарсы арыз жазған. Айта кетейік, күзетшілер күш қолданған журналистің статусы “жасыл”, вакцина алған. “Хабар 24” бас директоры Алена Горбачева телеарна атынан арыз жазылатынын мәлімдеп, фейсбукта жазба жариялады.