Солтүстік Қазақстан облысында кәмелет жасқа толмаған мотоциклші қызды қағып кетті. Алған жарақаттан қыз көз жұмды. Қайғылы жағдай Новоишим ауданындағы Ғабит Мүсірепов ауылында болған. “16 жастағы жасөспірім мотоцикл руліне ие бола алмай сегіз жастағы қызды қағып кетті. Оқушы алған жарақаттан ауруханада көз жұмды”, – дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Айтбаев. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар қылмыстық жазаға он алты жасқа толған азаматтар да тартылатынын атап өткен жөн.