Қазақстанда вакцинация бойынша жүргізілетін тексеріс алгоритмі мақұлданды. Алгоритмді Денсаулық сақтау министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар және “Атамекен” ҰКП әзірлеген. “Рейд барысында мониторингтік топ бұрын анықталған заңбұзушылықтардан бөлек, кәсіпорын қызметкерлерінің COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін салғызғанын тексереді. Қызметкерлер саны 50 адамнан асатын және ұжымдағы адамдардың 60 пайыздан азы COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған кәсіпорындар тізімі жобалық кеңсенің Вакцинация картасы негізінде жасалады. МТ (мониторингтік топ) рейдін тіркеу тәртібі InfoKazakhstan электрон платформасында жүзеге асырылады”, – делінген хабарламада.