Коронавирус жұқтырғандар қайтадан 4 мыңнан асты, бір күнде 86 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан 86 қазақстандық көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі. ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен коронавирустан 72 науқас, ал пневмониядан 14 пациент қайтыс болды. 9 қыркүйектегі мәлімет бойынша, республикада 84 262 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 17 749 пациент стационарда, 66 513 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.