32 жастағы тұрғын полиция ғимаратынан екінші қабаттағы терезесінен шығып кетуге тырысқан. Әлеуметтік желілерде тараған видеодан ер адам полиция бөлімі ғимаратының терезесінде салақтап тұрғанын көруге болады. Оның қолынан форма киген қызметкер ұстап тұр. Нұр-Сұлтан полиция бөлімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 32 жастағы ер адам бұзақылық жасағаны үшін ұсталған. Оның әрекетіне қызметкер бөгет болды, бұзақылық дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр, – деді құқық қорғау органдарының өкілдері.