Сенат мүгедектігі бар балаларға жаңа жәрдемақы бекітті

Екінші оқылымда қабылданған заң жобасына сәйкес, 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мүгедектігі бойынша топтарға бөлінеді. Олар алатын жәрдемақы өседі. Қазір барлық мүмкіндігі шектеулі балалар ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 мөлшерінде 48 023 теңге көлемінде бірдей жәрдемақы алады. Енді І және ІІ топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар тиісінше 64 860 теңге және 54 541 теңге алады. Бұдан бөлек, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға әлеуметтік пакет ұсыну және әлеуметтік қызметтер порталы арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге кепілдік беріледі. Бұдан бөлек, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар бала кәмелетке толғаннан кейін тұрғын үй кезегінде тұру құқығын сақтау көзделеді.