Бұл туралы Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Жамбыл облысы әкімдігімен, банктермен және өзге де қаржылық ұйымдармен бірлесіп жұмыстар жүргізілді. «Төтенше оқиға салдарынан қаза болған азаматтардың – қарыз алушылар мен олардың артында қалған жесірлерінің берешектерін толық көлемде есептен шығару жөнінде бірыңғай шешім шықты. Бүгінде 47 несие бойынша берешек толығымен өтелді”, – деді Сапарбаев. Еске салайық, 26 тамыз күні кешке Тараз маңындағы инженерлік оқ-дәрілер сақталатын әскери бөлімнің қоймасынан өрт шықты. Өрт салдарынан онға жуық жарылыс болды. Жарылыстан 17 адам қайтыс болды.