Алматыда жылу беру маусымы қашан басталатыны белгілі болды

Алматыда нормативті мерзім бойынша жылу беру маусымы 15 қазанда басталады, алайда күн салқындап кетсе, жылу ертерек берілуі мүмкін. Бұл туралы қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Евгений Па Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде айтты, деп хабарлады “Алматы” телеарнасы. Жылыту маусымы басталғанда әдетте ең алдымен әлеуметтік нысандарға, оның ішінде мектептер мен мектепке дейінгі оқыту нысандарына, білім беру орындарына жылу қосылады. Содан соң көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беріледі. Одан кейін өзге нысандардың бәріне беріледі. Басқарма басшысы қала жылыту маусымына 100% дайын екенін атап өтті.