Алматылықтар туыстарын жер қойнына тапсыруға рұқсат ала алмай отыр

Жерлеу үшін короновирус жоқтығы туралы анықтама қажет. ПТР тест нәтижесі дайын болғанға дейін жедел жәрдем және полиция денені тексеруге келуден бас тартатын көрінеді. Мегаполис тұрғыны бір тәуліктен астам уақыт бойы марқұм әкесінің денесін жерлей алмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жерлеу рәсімін өткізу үшін туыстарда марқұмның қайтыс болғаны туралы полицияның қорытындысы болуы керек. Ондай қорытынды эпидемиологтар қайтыс болған адамнан КВИ-ге сынама алып, талдау нәтижесін ұсынғаннан кейін ғана беріледі.

Марқұм туыстары мәйітті уақытша мәйітханаға да апара алмайды. Өйткені онда да дәл осындай анықтама талап етеді. Қала тұрғындары мұндай жаңа ережелерге наразы. Айтуларынша, аптап ыстықта құзырлылардың анықтамасы дайын болғанша мәйіт шіри бастайды.

Ал құқық қорғау органдары бекітілген алгоритм бойынша КВИ тест нәтижесі болмаса, денеге жақындауына болмайды. Қазір барлық зертханалардың жұмысы қауырт, сондықтан күтуге тура келсе керек.