Бұл туралы АҚШ-тағы Сент-Луис клиникалық эпидемиологиялық орталығы ғалымдарының зерттеуінде айтылған. Сарапшылар ковид жұқтырып, ем-домнан кейін сауыққан 151 мың 195 қарияның денсаулығын зерттеп, олардың жүрек талмасына шалдығу қаупі 39 процентке жоғары екенін анықтаған. Осы дертпен жансақтау бөлімінде жатып шыққан әрбір жетінші науқастың жүрегінің ауырғаны белгілі болды. Ғалымдар әзірге ковид-19 салдарынан жүрекке қалай зақым келетінін толық зерттеп бітпеді. Әзірге дәрігерлер оқшауланудан туындаған стресті жағдай, қаржылық қиындықтар, физикалық белсенділіктің төмендеуі мен қайғы-қасірет жүрекке ауыр салмақ салуы мүмкін деп топшылап отыр.