Жануардың өліміне әкеліп соққан жағдайлар үшін қатаң жауапқа тартылды. Кінәлі тұлғаға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Қылмысты екі қайтара жасағандар 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. Қазір елде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы Парламентте қаралып жатыр. Иттердің төбелесін өткізу, анестезиясыз ветеринарлық операция жасау, әлсірету және уақытылы көмек көрсетпеу, қатыгездікпен өлтіру сынды әрекеттер тосқауыл қойылады.