Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының міндетін атқарушы Қуаныш Алтынбеков осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, мамандардың онлайн консультациясын 250 мыңнан астам адам алып үлгерген. Былтырдан бастап БҰҰ Балалар қорының қолдауымен Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен onlinehealth.kz интернет платформасы іске қосылған. Онлайн режимде консультациялар беріледі, жазбаша сұрақтарға жауап алу мүмкіндігі бар.