Мәжіліс депутаты Ғани Ташқараев байқауға қатысуға жол беретін табыс сомасын азайтуды ұсынып отыр. Оның айтуынша, жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы үй беру ережелеріне сәйкес, өтініш берушінің ай сайынғы кірісі кемінде 40 АЕК көлемінде болуы керек. Оны растайтын соңғы алты айдағы табысы туралы анықтама көрсетуі қажет. Биыл бұл сома 116 600 теңгеге тең. Жастардың жалдамалы пәтер алу конкурсына қатысу үшін мұндай жалақы мөлшері тым жоғары. Осыған байланысты жастарды қолдау мақсатында жалға берілетін тұрғын үйге арналған конкурстарға қатысушыларға қойылатын талаптарды өзгерту мүмкіндігін қарауды сұраймын”, – деді депутат.