Ал жыл басынан ел аумағында 18 мың адам көлікті мас күйінде басқарған. Былтыр қабылданған заң бойынша көлік құралын мініп есіргендер 7 жылға жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамалады. Ал жүргізу куәлігінсіз мас күйінде ұсталғандар темір тұлпар басқару құқығынан өмір бойына айырылады. Бүгінде 2 мың 700 азаматқа осындай жаза тағайындалған.