Қазақстанда еттің бағасы қымбаттайды

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осылай деп мәлімдеді. Жалпы елімізде өндірілетін ет көлемі ішкі нарықты қамтуға жетеді. Мәселен, бүгінде отандық агроөнеркәсіп саласы сиыр етіне деген сұранысты 97, ал жылқы етінің сұранысын 98 процентке қамтып отыр. Ал қой етімен нарықты түгел қамтамасыз етеді. Сондықтан сырттан тасымалдауға әзірге қажеттілік жоқ. Бірақ биылғы қуаңшылыққа байланысты жем-шөп бағасы өскендіктен, ет бағасын ұстап тұру қиынға соқпақ. Өйткені ет өндірушілер, шаруа қожалықтары өздерінің шығындарын өтеу керек. Сол себепті еттің бағасы өсуі мүмкін,- деді ауыл шаруашылығы министрі.