Видео “За нами уже выехали” Telegram каналында тарады. Бейнежазбада адам былапыт сөз айтып, мекеме қызметкеріне тиіскен. Ол өзін “VII шақырылған мәслихат депутаты” және “бұрынғы бандит”деп таныстырғаны айтылған. “Полиция жасағы ер адамның төлем жасаудан бас тартып, жанжал шығарғанын анықтады. Құқық бұзған адамға қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жиналған дерек сотқа жіберіледі. Ер адамның бұрын қалалық мәслихаттың депутаты болғаны және биыл наурызда өкілеттігін тоқтатқаны анықталды”, – деп мәлімдеді Түркістан облысы полициясы.