Мәскеу қалалық соты 2018 жылы көктемде қаза болған қазақстандық Томирис Байсафаның өліміне айыпталған Дағыстан үкіметі бұрынғы жетекшісінің ұлы Муртузалы Межидовке шыққан ақтау үкімінің күшін жойды. Сотталушының адвокатына сүйенген Ресей ақпарат құралдары Мәскеу халықаралық қатынастар институтында оқыған 21 жастағы Томирис Байсафаның өлімі бойынша қозғалған іс қайта қаралатынын жазды. Межидовке шыққан ақтау үкімінің күшін жоюды жәбірленушілер мен прокурорлар талап еткен. Адвокаттың айтуынша, Мәскеу қалалық соты сотталушыға бұлтартпау шарасын қолдану мәселесін әлі қарамаған.