Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды

Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілері жол ережелерін жиі бұзып жүр, деп хабарлайды «Хабар 24». Полиция департаментінің қызметкерлері «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында соңғы он күннің ішінде 2 мыға тарта әкімшілік хаттама толтырған. Нәтижесінде мыңнан астам қоғамдық көліктің жүргізушісіне 12 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Олардың ішінде жылдамдықты асыру, бір-бірімен жарысу дерегінен бастап, ұялы телефонмен сөйлесу жағдайы тіркелген. Сонымен қатар бір жүргізуші қоғамдық көлікті мас күйінде басқарған. Қазіргі таңда ол жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Автобус паркінің 13 қызметкері де жауапкершілікке тартылды.