Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жауын-шашынның соңы қарға ұласады. Екпінді жел, тұман, көктайғақ, төмен бұрқасын болады. “Оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарда қатты жауын-шашын болжанып отыр. Ауа температурасы солтүстікте, орталықта, шығыста 20 градус, оңтүстікте 13 градус аязға дейін төмендейді”, – делінген хабарламада.