Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин оңтүстік астанада блок-посттар қайта қойыла ма деген көпшіліктің сұрағына онлайн брифинг барысында жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.
“Жоқ. Қала сыртында блок-посттар қойылмайды. Тұрғындар қалаға, облысқа емін-еркін кіріп шыға алады”, – деді Жандарбек Бекшин. Бас санитар қаладағы ахуалды жіті бақылап отырғанын жеткізді.
“Егер ауру көрсеткіші тәулігіне 7 пайыздан асатын болса карантин шаралары одан әрі жалғасатын болады”, – деді Бекшин.