Екінші қан тобындағы адамдар өзге топтағылармен салыстырғанда коронавирусты жиі жұқтырады. Бұл – Германияның Киль университеті ғалымдары жасаған байлам. Тәжірибе барысында сарапшылар COVID-19 жұқтырған 2 мыңға жуық науқастың ДНҚ молекулаларын тексерген. Науқастар негізінен Италия мен Испания тұрғындары.
Ғалымдар алынған нәтижелерді 2500-дей сау адамның мәліметтерімен салыстырған. Белгілі болғандай, ІІ қан тобындағы адамдар арасында аталған індетті жұқтыру көрсеткіші 45 пайызды құраған.