Ақтаудағы қос қабатты кешенде болған жойқын жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24». Жауаптыларға өрт қауіпсіздігін сақтамаған деген айып тағылды. Жарылыс салдары әлі де қалыпқа келе қойған жоқ. Апат орнында 11 арнайы техника мен 70 құтқарушы жүр. Жойқын дүмпуден кейін ғимараттың 200 шаршы метрі бүлінген. Мамандар адам шығыны жоқ деп сендіруде. Құтқарушыларға кинологтар көмекке келген. Күлі көкке ұшқан нысанға бөгде адамдардың жолауына тыйым салынды. Үйінділерді тазалау жұмыстары түннен бері жалғасып жатыр. Жиналған қоқыс Баянды елді мекенінен 30 шақырым жердегі полигонға жеткізіледі.