Қарағанды облысының «Абай» шахтасында жарақат алған екі кенші палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазір олардың денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі хабарлады. Еске салсақ, кеше «Абай» шахтасындағы кен-жардың бірінде, кенеттен газ-метан таралып, салдарынан 6 кенші опат болған. Тағы екі кенші жансақтау бөліміне түскен.