Отандық танымал кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннен коронавирус инфекциясы анықталды. Бүгін оның тапсырған ПТР тестінің нәтижесі шығып, бизнесменнің COVID-19 жұқтырғаны ресми түрде расталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қайрат Құдайберген ПТР тесті оң нәтиже көрсеткенін өзі Instagram парақшасында мәлімдеді. Кәсіпкер кезекті видео жариялап, өзіне қолдау көрсеткен барша отандастарына алғысын білдіріп, оларды барынша сақтануға шақырды.
“Өкінішке қарай, менен коронавирус табылды. Маған компьютерлік томография жасап, өкпенің пневмофиброзы анықталды. Қазір мені ауруханаға алып кетеді” , – деді Құдайберген.