Алматыда салынып жатқан метроның бағыты түзетіледі

Алматыда 5,6 шақырымдық метро құрылысы жалғасып жатыр. Бұл учаскеде үш станция іске қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24» Tengrinews.kz –ке сілтеме жасап. Айта кетейік, метроға қосылатын Сарыарқа, Бауыржан Момышұлы және Қалқаман стансалары. Қазір жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында метро желісінің құрылысы жүргізіліп жатыр. «Метро бағытын Наурызбай ауданының Шұғыла шағын ауданына қарай түзету жоспары бар», – деді мердігерлер. Бұған дейін құрылысшылар жыл соңына дейін екі жаңа метро станциясын – «Сарыарқа» және «Достық» станцияларын аяқтауға уәде берген болатын. «Қалқаман» стансасына дейін құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар «Западный» автовокзалына дейін ұзартуға 785 миллион теңге бөлінді. Бұл автовокзалмен біріктірілген метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезегі ұзартылады. Еске салайық, Алматы метросының бірінші желісі 2011 жылдың желтоқсан айында іске қосылған болатын. Содан кейін жеті станция ашылды. Төрт жылдан кейін метро тағы екі станцияға ұзартылды.