Елорда әуежайы қалың қарға байланысты уақытша жабылды

Нұр-Сұлтан әуежайында қалың қарға байланысты 12 рейс тоқтатылды, қалаға келе жатқан 9 рейс қосалқы аэродромға жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты түнгі сағат 02:30-дан 09.00-ге дейін елорда әуежайы ұшу-қону жолағын қардан тазарту үшін уақытша жабылды. Ауа райына байланысты Нұр-Сұлтаннан ұшатын 12 рейс шегерілді, ал қалаға бағыт алған 9 рейс қосалқы аэродромға жіберілді. Жолаушылар рейстер туралы ақпарат алуы үшін әуе компанияларының анықтама қызметтеріне хабарласып отырғаны жөн.