Алматыда қоғамдық орында тұрғындардың зәресін алған басбұзарлар ұсталды. Олар көшеге өрт сөндіру құрылғысын алып шығып, жолаушыларды қорқытқан. Мұнымен қоймай, жолға да түтін будақтатқан. Қазір еріккен жастар ұсталды. Енді әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлейді. Айта кетейік, дәл осы топ өткенде дауыс зорайтқыш қолданып, адамдардың үрейін алған еді.