БАҚ өкілдері “дәрігерлерге жәрдемақыны қайтаруды жоспарлап отыр” деген ақпараттың қаншалықты рас екенін сұрады. Министрдің айтуынша, мемлекет басшысы бюджетімізде бекітілген төлемдердің тұрақты шараларын қабылдауды тапсырды. Бұл сәйкесінше қауіпті аймақтарға тікелей қатысы бар азаматтар санатына қатысты болады. “Яғни ол коронавирусқа емес, жұқпалы аурулармен жұмыс істейтін агенттермен байланысты болады. Мысалы, менингит, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының вирусы”, – деді Алексей Цой. Осы орайда Алексей Цой үстемақы төленетіндердің нақты тізімі бар екенін жеткізді. “Ол бойынша нақты ақпараттар анықталып, қосымша хабарланады. Әр категория бойынша қанша қаржы төленетіні анықталады. Менің ойымша, осы желтоқсан айында бұйрық дайындалып, әр тармағы бойынша ақпарат беріледі”, – деді министр.