Ақтөбе облысында карантин күшейтілуі мүмкін. Ауруханаларда өкпенің қабынуы дертімен түсіп жатқандардың 95 процентінен коронавирус анықталмады. Егер жағдай қиындай түссе, шектеу одан әрі күшейтіледі деді департамент басшысы Нұрсұлу Беркімбаева. Бұл туралы ktk.kz хабарлайды.
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының айтуынша, Ақтөбе қаласы мен бірнеше ауданда шектеу шарасы күшейтілді. Соған қарамастан сақтық шарасын ұстанатындар аз.
Той жасауға, адам көп жиналатын жерге баруға болмайды. «Көрші облыстарда карантин күшейіп, блокпостар қойылғаны рас. Мұндай жағдай кез келген уақытта бізге келуі мүмкін. Талап сақталмаса, күшейтіледі» деді облыс әкімінің орынбасары Нұржауған Қалауов.