Алматы облысында жоғары сынып оқушылары баланы соққыға жыққан

Жасөспірімдер төменгі сыныптың оқушысынан тұрақты ақша бопсалап келген. Соқы салдарынан бала аудандық аурухананың жансақтау бөліміне түсті. Мектеп директоры сөгіс алса, оның орынбасары қызметінен босатылған. Оқушылар арасындағы бопсалау оқиғасын облыстық білім басқармасы растады. Есік қаласының Рахат ауылында болған оқиғаны көшеде кетіп бара жатқан куәгерлердің бірі видеоға кездейсоқ түсіріп алған. Видео авторы балалардың арашаға да көнбегенін айтады. Соққыдан жарақат алған оқушының бас миы шайқалған. Өміріне қауіп жоқ. Бұл факт бойынша Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр,- деп мәлімдеді облыстық білім басқармасы.