Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов орынбасары Бақытгүл Хаменованың қамауға алынғанын естіп, ренжігенін мойындады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Тергеу жүріп жатыр, тергеуден кейін бәрі белгілі болады. Мен түсініктеме бере алмаймын”, – деді Досмұхамбетов. Хаменова ұсталғанын естігенде “әрине, ренжідім” деп жауап берді әкім. Ол жақын арада қызметтен кететіні туралы қауесеттерге де жауап берді. “Менде ондай ақпарат жоқ, естіген жоқпын. (…) Бұл мәселені реттейтін заң бар. Егер орынбасарларымның сыбайлас жемқорлық жасағаны анықталса, онда заңға сәйкес мен отставкаға кетуім керек. Ал оны Мемлекет басшысы қабылдайды”, – деді Досмұхамбетов.