Зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалану мерзімі екі есеге қысқарды

“Отбасы банк” зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалану мерзімі 45 күннен 20 күнге дейін қысқарғанын хабарлады. “Енді БЗТ (біржолғы зейнетақы төлем) қаражатын пайдалануға 20 жұмыс күні беріледі. Яғни, БЗТ арнайы шотқа түскеннен кейін, қаражатты 20 жұмыс күн ішінде мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігі болады. 20 жұмыс күнін есептеу онлайн-платформада өтінім жіберген сәттен емес, БЗТ (біржолғы зейнетақы төлем) қаражаты сіздің арнайы шотыңызға түскен сәттен бастап есептеледі” деп хабарлады банк Инстаграмдағы парақшасында. Жаңа өзгеріс 14 желтоқсаннан бастап күшіне енеді. Оған дейін есепшотына ақшасы түскендерге өзгерістің қатысы жоқ.