1 шілдеден бастап көпбалалы отбасылар мөлшері өзгертілген жәрдемақы алады. Қазақстанда мұндай жәрдемақы жыл басынан бері 400 мыңға жуық отбасыға берілді. Бұл туралы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығының» баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады КТК.
Айта кетсек, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде көпбалалы отбасыларға арналған жеке жәрдемақы енгізілді. Бұл жәрдемақы – төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасыларға арналған. Мемлекеттен берілетін көмектің мөлшері бала санына байланысты.
Мәселен, төрт және жеті баласы бар отбасылар 44 448 теңгеден 77 784 теңгеге дейін ала алады. Қолданыстағы ережелер жәрдемақы алушылардың белгілі бір санатының мүдделеріне нұқсан келтірді. Себебі, 16 баласы бар отбасы 7 баласы бар отбасы сияқты жердемақы мөлшерін алып келді.
Мемлекет басшысы 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға арнайы жәрдемақы мөлшерін белгілеген заңға қол қойды.
Сәйкесінше, жәрдемақы мөлшері былай белгіленді:
8 балаға – 88 896 теңге
9 балаға – 100 008 теңге
10 балаға – 111 120 теңге
11 балаға – 122 232 теңге
12 балаға – 133 344 теңге
13 балаға – 144 456 теңге
14 балаға – 155 568 теңге
15 балаға – 166 680 теңге
16 балаға – 177 792 теңге