ҰБТ-ның нәтижесі тамызда белгілі болады

ҰБТ-ның нәтижесі тамызда белгілі болады. Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күнгі қорытындысына сәйкес, шекті балды жинағандардың саны 4 222 адам болды. Бұл тест тапсырушылардың 68,3 процентіне тең. Шекті баллды жинай алмағандар – 1 964 тест тапсырушы. 39 түлек 130 баллдан жоғары жинады.

Ережеге сәйкес аппеляцияға өтініштер түскі 13:00-ге дейін қабылданады. Наужан Дидарбековтың айтуынша, жергілікті аппеляциялық комиссия өтініштерді қанағаттандырса республикалық аппеляциялық комиссияға нақты шешім қабылдауға жолданады. Нәтижесі күн соңына дейін беріледі.

«Биылғы нормаға сәйкес, 25 тамызға дейін барлық тестілеу барысындағы бейнежазбаларға арнайы бағдарламаның көмегімен талдау жүргізеді. Егер тестілеу барысында тест тапсырушы тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, олардың нәтижелері жойылады.

Егер ол мемлекеттік білім беру грантының иегері болса, онда грант нәтижесі де жойылуы мүмкін» деді орталық директорының орынбасары.

Қоса кетсек, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты кеше дене қызуы бар 2 адам тестілеуге жіберілмеді. Оларға басқа күні бөлек аудиторияда тест тапсыру мүмкіндігі беріледі деді Наужан Дидарбекова.