Қостанай облысында қосалқы электр станциясы жанып жатыр

Құсмұрын кентіндегі қосалқы станциясы бүкіл ауылды электр қуатымен қамтамасыз етеді. Өрт аумағы – 70 шаршы метр, оны жеке құрамнан 40 адам сөндіріп жатыр. Трансформатор майы жанып кеткен. “Электрмен жабдықтау Қарасу және Науырзым аудандарының электр желілерін қайта қосу арқылы ішінара қалпына келтірілді. Электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр”, – деді Әулиекөл ауданы әкімдігінің қызметкерлері. Оқиға орнында шұғыл қызметтердің жедел штабы құрылды. Алдын ала ақпарат бойынша, трансформатор қысқа тұйықталу салдарынан жанған.