«Сұхбат берушінің журналистке қатысты эмоциялық әрекетін ақтау қиын. Мәдениетті қарым-қатынас этикасы кез-келген сұхбат барысында сақталуы тиіс», – деп жазды министр. Оның айтуынша, мәселенің екінші жағы да бар: «Ол – журналистің кәсіби білігі мен ішкі мәдениеті. Спикердің жеке өмірі құпиялығы мен құқығын сақтау, тақырып ауқымындағы сұрақтардан тыс ауытқымау, диалог логикасын нақты ұстану, бұл – ешкім жоққа шығармайтын жалпыға ортақ өркениет ережелері. Қалай болғанда да Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистердің заңды мүддесін, кәсіби құқығын заң аясында қорғауда қашанда дайын», – деді Аида Ғалымқызы