Қираған Алматы әкімдігі ғимаратының сараптама нәтижесі жарияланды

Сарапшылар ғимарат қабырғаларынан сынамалар алып, талдау жүргізді. Оның алғашқы қорытындысы белгілі болды. «Ғимараттың негізгі конструкциясында ақау жоқ. Қабырғалар өртеніп, сылағы түсіп қалған. Ал екінші қабатта үлкен іс-шаралар өткізетін залдың төбесіндегі күмбездің металл жақтауына зақым келген. Алдын ала есептеудің нәтижесі ертең белгілі болады. Соған сүйене отырып, ғимараттың едені мен қабырғаларына қатысты шешім қабылдаймыз. Барлық инженерлік желілер зақымданғандықтан өзгертеміз. ҚазҚСҒЗИ (Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу, жобалау институты) кейбір қабырғаларды қиратуды ұсынып отыр», – дейді Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев.