Бағдат Мусин халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды

Бұл жайында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі өз Facebook парақшасында жазды. Біздің фронт-офистер – мемлекеттің бейнесі, себебі ХҚКО қызметкері – мемлекеттік қызметтерді оффлайн алудың жалғыз көзі. Еңбекақының жаңа жүйесін облыстағы ұжымдармен біріге отырып жасау маңызды! 5 жылдан бері жалақысы түк өзгермеген қызметкерлер категориясы да бар. Алдағы наурызда жұмысшылар мен олардың отбасылары оң өзгерістерді сезінуі тиіс”,- деді министр.