Сенаттың заң жобасына сәйкес Нұрсұлтан Назарбаев қандай құқықтарға ие

Сенат “Қазақстанның кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын ресми сайтында жария етті. Заң жобасында Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Конституциялық Кеңесінің құрамына кіру құқығы тиесілі екені көрсетілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы” 2000 жылғы 20 шілдедегі Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жобасына сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан парламенті мен оның палаталарының алдында, үкімет отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу құқығы, сондай-ақ Қазақстан Конституциялық Кеңесінің кеңесінің құрамына кіру құқығы тиесілі. Естеріңізге сала кетсек, кеше мәжілісте Елбасының Қауіпсіздік Кеңесі мен ҚХА-да өмір бойы төрағалық етуін тоқтататын түзетулер сенатқа жолданған болатын.