Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында мәлімдеді. Айта кетейік, қанды қаңтардың салдарынан мемлекеттік органдардың, ауруханалар мен БАҚ-тың барлығы 603 қызметкері зардап шеккен. Оның ішінде, құқық қорғау органдарының 592 қызметкері, Төтенше жағдайлар департаментінің 1 қызметкері, жергілікті атқарушы органдардың 3 қызметкері, “Алматы” арнасының 1 қызметкері және медициналық ұйымдардың 6 қызметкері бар. Өсеровтың айтуынша, ауыр дәрежеде зардап шеккендерге – 2 миллион теңге, орташа дәрежеде – 1 миллион, жеңіл түрде – 500 мың теңге төленеді.