Өтініш авторлары тергеу органдары, прокуратура және судьялар Біртановтың оның кінәсіздігі туралы уәждеріне құлақ аспай отырғандарын айтты. Желіде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы петиция жарияланды, деп хабарлайды Оrda.kz. Үндеуде қазақстандықтардың Елжан Біртановтың ісін бақылап жүргені және экс-министрдің кінәсіне сенбейтіні айтылған. Қазіргі уақытта петицияға 2 мыңға жуық қолданушы қол қойған. Айта кетейік, Біртановтың үйқамақта отырғанына бір жылдан асқан.