“Оператор РОП” ЖШС құқықтық мәселелер бойынша басқарушы директоры Руслан Шәмшиев қайтыс болды. Полиция оның неден көз жұмғанын анықтап жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Полиция департаментінің хабарлауынша, ер адамның денесі табылғаны туралы фактіні негізге ала отырып Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өз-өзіне қол салуға итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалған. “Қазіргі уақытта тергеудің жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде”, – деді ПД баспасөз қызметінен. Руслан Шәмшиев 2021 жылы “Оператор РОП” ЖШС-нің құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалған болатын.