Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен “Оператор РОП” ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап. “ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен “ӨКМ Операторы” ЖШС Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтың ұсталғанын растайды. Олар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді”, – делінген ресми хабарламада. Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының ұстау изоляторына қамалды.