Қызылордада әкімдікті басып алуға қатысқан көпбалалы аналар қамауға алынды

Полицияның мәліметінше, Қызылорда қаласында 5 қаңтар күні болған жаппай тәртіпсіздік кезінде екі азаматша бүлікшілермен бірге облыс әкімдігінің ғимаратына баса көктеп кіріп, заңсыз әрекетке жол берген. “Бейнежазбада көрсетілгендей, азаматшалар Н.Ж мен Б.З тас лақтырып, әкімдіктің қоршауына мініп, балағат сөздер айтып, ғимаратқа заңсыз кірген. Аталған екі азаматшаға қатысты “сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне” Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігімен (жаппай тәртіпсіздікке қатысу) қылмыстық іс тіркеліп, жан жақты және объективті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күні екі азаматшаның қылмыстық әрекеттерін толық мойындағаны, асырауында кәмелетке толмаған балаларының болуы, соңғыларының денсаулық жағдайы мен өздерінің өтініштерін ескеріп бас шарасы үй қамаққа ауыстырылды”, – делінген қалалық ПБ ресми хабарламасында.