Дариға Назарбаева «Nur Otan» партиясының саяси кеңесінен шықты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Айта кетейік, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы саяси кеңестің жаңа құрамының тізімінен табылмады. Сондай-ақ Асқар Мамин мен Бауыржан Байбек те бүгіннен бастап партия мүшелері емес.