Түркістан облысы полициейлері Созақ ауданында “Қазатомпром” кәсіпорнынан аса ірі көлемдегі жанар-жағар май материалдары мен басқа да бағалы заттарды ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz. Қылмыскерлер өнімдер мен заттарды шығаруға әрекет жасау кезінде ұсталған, оның құрамына 10-нан астам адам кірген. Олардың арасында сотталғандар мен деструктивтік діни ағымдарды ұстанушылар бар. Ақпарат бойынша, олар ай сайын он миллион теңгенің мүлкін ұрлаған. Ұрланған заттардың радиациялық қауіптілігі де қылмыскерлерді тоқтатпаған. Сондай-ақ, олар бопсалау, кәсіпкерлерге “қамқорлық жасаумен” және рэкетпен айналысқан. Криминалдық ортада өздерінің ұстанымдарын нығайту үшін қару қолданған. Тінту барысында қылмыскерлерден есірткілер, атыс қаруы, күмәнді діни әдебиет, қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражат, “қара бухгалтерия” блокноттары және “Қазатомпром” кәсіпорындарынан ұрланған материалдық бағалы заттар табылды. Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша іс қозғалды. Кінәлі адамдар тергеу изоляторына қамалды.